Қазақстанның бірнеше өңірінде заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар 7 жылға сотталуы мүмкін

Автор: Асыл Арман

Заңсыз көші-қон арналарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

Фото: istockphoto.com

Түркістан және Жамбыл облыстарында қолдан жалған құжаттар жасау және оларды бұрмалау арқылы шетелдік азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастыруға қатысы бар үш қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында шетелдіктерді іргелес мемлекеттің аумағына шекараның қиылысқан жерлері арқылы заңсыз тасымалдауға ниет білдірген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істер тергелуде.

Қызылордада ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, шетелдіктердің Қазақстан аумағында заңсыз болуы үшін жалған анықтамалар дайындау бойынша «делдалдық» қызметтер көрсетумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.

«Барлық көрсетілген факті бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Заңсыз көші-қон арналарын жою жұмыстары жалғасып жатыр», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.