Ақтөбедегі үш адамды кепілге алған қанды оқиға: тірі қалған әйел жансақтау бөлімінде жатыр

Автор: Мөлдір Қазыбай

Дәрігерлер оның жағдайын айтты

Фото: instagram.com/aktobe_live/

Қанды оқиғадан зардап шеккен әйел адам қазір Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасында жатыр, денсаулығы жақсарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«1984 жылы туған науқас әйел жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалу диагнозымен жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты, бірақ ауыр, есін жинады, өздігінен тыныс алуда. Ол қажетті ем қабылдап жатыр», - деп хабарлады дәрігерлер.

Айта кетейік, Ақтөбеде белгісіз ер адам Мәскеу ауданында орналасқан үйге кіріп, үш адамды кепілге алған болатын. Полицейлер оларды босату үшін операция жүргізіп, нәтижесінде күдікті ұсталды.