Қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады
Астанада 18-19 қаңтар күндері барлық православие шіркеулерінде Крещение мерекесі рәсімі өтеді. Осы күндері суға түсуге арналған орындар белгіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметінше, дәстүрлі шомылу қалалық жағажайда (амфитеатр маңында) өтеді, ол үшін төрт ойық дайындалды.
«18-19 қаңтарда Астанада мерекелік діни рәсімдер, крестпен дәстүрлі шеру және жаппай шомылу жоспарланған.
Іс-шара қаланың барлық православие шіркеуінде өтеді: Успен соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуінде (Республика даңғылы, 12), Саров Серафим шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).
Суға түсу орындары 18 қаңтар күні сағат 20:00-ден (су маңына жарық орнатылғаннан кейін) 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді. Жаппай шомылу да 19 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-ден 19 қаңтар күні сағат 23:00-ге дейін жалғасады», – делінген әкімдік хабарламасында.
Діни рәсім кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін Төтенше жағдайлар департаментінің судан құтқару қызметі мен Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Суға түсу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын суға түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырамыз.
Белгіленген шомылу орындарында қауіпсіздік ережелерін есте ұстаған жөн: ойық маңында 3 адамнан аспауы керек, тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен суға түсу қажет. Суға кірмес бұрын, денені қыздыратын жаттығу жасап, рәсімнен кейін өзіңізді сүлгімен ысқылап, жылы заттарды киіп, ыстық шай ішуіңіз керек. Суға түсу кезінде денсаулығыңыз нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнындағы кезекші дәрігерлерге жүгініңіз.
Оқыс жағдайдың алдын алу үшін құтқарушылар мынаны ескертеді: