Астанада бірнеше күн бұрын қару асынып, жұртты шошытқан бозбала сотты болды

Автор: Асыл Арман

Оған айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін қамауға алу қаупі шешімі шығарылды

Фото: Polisia.kz

Астанада бірнеше күн бұрын қару асынып, жұртты шошытқан бозбаланың ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, 9 қаңтар күні Астанада полиция қызметкерлері Мұхамеджанов көшесінде камуфляж киім киген және қаруға ұқсас зат ұстаған адам жүр деген хабарламадан кейін оқиға орнына жылдам жетіп, жасөспірімді ұстады.

Тексеру барысында анықталғандай, оның қолындағы зат интернет арқылы сатып алынған страйкболға арналған қару макеті болып шыққан.

Осы әрекеті үшін ол істі болды. «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін қамауға алу қаупі шешімі шығарылды.

Алайда құқық бұзушы небәрі 16 жаста – заң бойынша оны қамауға алуға болмайды, ал айыппұл мөлшері 10 АЕК-тен аспауы керек.

Нәтижесінде ата-анасы мемлекетке ол үшін 39 320 теңге төлейтін болды.