Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады – ауа райы болжамы

Автор: Асыл Арман

Синоптиктер болжамынша, жекелеген аудандарда тұман күтіледі

Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктер болжамынша, жекелеген аудандарда тұман күтіледі.

«Қысқа үзілістен кейін Қазақстан аумағына кезекті Атлантикалық циклон жылжи бастайды, ол өзімен бірге жауын-шашын әкеледі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде, қалған аумақтарда қар түрінде, ал оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін.

Жел, бұран, көктайғақ, жекелеген аудандарда тұман күтіледі. Тек температуралық фонда өзгерістер күтілмейді», - делінген синоптиктер болжамында.