Елімізде жемқорлардың тізімі Антикордың сайтында ашық жарияланбақ
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мін тағу көбеймек
Елімізде жемқорлық туралы жаңа заң қабылданса, жемқорлардың аты-жөндері ашық жарияланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа норма күшіне енсе, елімізде жемқорлардың мемлекеттік тізімі пайда болады. Бұл бір жағынан жемқорлықтың алдын алудағы құрал болмақ.
«Тізімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер болады. Заңды күшіне енген соттың үкіміне сай, айыпталған жемқорлардың аты-жөні тізімге еніп отырады. Ал, сот ақтаған жағдайда олардың есімдері тізімнен жойылып отырады», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов.
Тізімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді және ведомствоның веб-сайтында жалпыға қолжетімді болады.