Дәмханада ерекше баланы тамақтандырған даяшының әрекеті жұртты сүйсіндірді (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиға көпшіліктің көз алдында болған

Фото: Видеодан скрин

Дәмханалардың бірінде ерекше баланы тамақтандырып, киімін кигізген даяшының әрекеті жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға көпшіліктің көз алдында болған.

«Бәріміздің көзіміздің осы балаға түсті. Жүрегім ауырып, қайта-қайта қарай бердім. Сол жерде жұмыс істейтін жігіт тамағын беріп, киімдерін кигізді. Өзінің бауыры сияқты қарап, шығарып салды», - деп жазды видео авторы.

Желі қолданушылары даяшының бұл әрекетін ризашылықтарын білдірді.

«Түрінен көрініп тұр мейрімді жан екені, жүзі жылы», «Алла разы болсын мына жігітке. Міне, ата-анасының тәрбиесін көрген текті ұрпақ», «Міне азамат, міне нағыз қазақтың баласы», «Осы баланы жақсылығы үшін алдынан көп бақыт, қуаныш тосып тұр», - деп жазды желі қолданушылары.