Павлодарда 20 жастағы бойжеткен суицид жасады

Автор: Асыл Арман

Оқыс оқиға кеше болды

Фото: pixabay.com

Павлодарда 20 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Kerek.pv Telegram арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше 13 қаңтарда болған. Кейбір мәліметтер бойынша, 20 жастағы бойжеткен отбасылық жанжал салдарынан 10-қабаттан секіріп кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.