Орталық сайлау комиссиясының қаулысы жарияланды
Гауһар Танашеваның мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Тиісті қаулыны Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
«Гаухар Шаймерденқызы Танашеваның «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының өкілеттігінен айырылсын».