Ол мұзды мұхитқа сүңгіп шыққанын да көрсетті
Танымал блогер Әділет Рахметолла Антарктидаға барып, Орталық Азия елдерінің, яғни Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің туын тікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол осыған дейін өзбекстандық саяхатшы мұзды өлкеге барып, Қазақстанның туын желбіреткенін айта келе, сол игі дәстүрді жалғап отырғанын тілге тиек етті.
«Достығымыз асқақтай берсін! Антарктидадан сіздерге жалынды» - деді Әділет Рахметолла.
Блогер өз парақшасында Антарктидаға саяхатында мұзды мұхиттың суына сүңгіп шыққанын көрсетті.