Прокуратура заңсыз әрекеттің алдын алды
Шымкентте жарнама арқылы үлескерлердің қаражатын қабылдамақ болған 4 компания анықталды. Оларға заңсыз әрекеті үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, кінәлілер ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі (үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу) негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 млн теңге айыппұл салынды.
«Қала тұрғындарына үлестік құрылысқа қатыспас бұрын құрылыс компанияларының лицензиялары мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, олардың құжаттарының дұрыстығына көз жеткізуге кеңес беріледі.
Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып саналады», - делінген прокуратура хабарламасында.