Іс қысқа мерзімді сотқа жолданып, үкім шықты
Ақтөбе облысының екі тұрғыны кісі өлтіру және есірткі зертханасын ұйымдастыру деректері бойынша әрқайсысы 19 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, олар психотроптық заттарды заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмау мақсатында өңірдің тұрғынын (өздері мен куәны байланыстырушы) өлтірген.
«Прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық іс тергеп-тексеріліп, қысқа мерзімде сотқа жолданды.
Сотталғандардың кінәлары сотта жан-жақты және толық зерделенген дәлелдер жиынтығымен дәлелденді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген прокуратура хабарламасында.