СҚО-да жер үй қорасымен бірге өртеніп кетті: оқиға орнынан қорқынышты видео жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесін ескертті

Фото: Видеодан скрин

СҚО-ның Айыртау ауданы Лобаново ауылында жер үй қорасымен бірге өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, өрт 135 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Қуанышқа орай, өрттен зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

«ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», - делінген ведомство хабарламасында.