Алматыдағы полицейдің өлімі: оқиғаның қалай басталғаны туралы видео жарияланды

Автор: Асыл Арман

Өзбекстан азаматы қазақстандық полицейді пышақтап тастаған

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматыдағы мекемелердің біріне келген қонақ пен полиция қызметкері арасындағы төбелестің қалай басталып, айуандықпен өлтірілген сәті түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның видеосын журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жариялады. Жазбада мекеме ішінде төбелестің қалай басталғаны көрсетілген.

Агрессивті ер адам қасындағы бойжеткенге кенеттен шабуыл жасап, тұншықтыра бастайды. Әйел адамға көмекке басқа адамдар келеді, олардың арасында полицей де болған.

Осыған дейін хабарланғандай, Алматының Медеу ауданында жанжалдан кейін тәртіп сақшысы Өзбекстан азаматының бетінен ұрып жіберген. Оған жауап ретінде Өзбекстан азаматы пышағын полицейдің жүрегі мен ішіне үш рет сұғып алған. Нәтижесінде полиция қызметкері қайтыс болды.

Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.