Әскери қызметкер жұмыс барысында басына үшкір темір кіргізіп алды

Автор: Асыл Арман

Оған бірнеше сағаттық күрделі ота жасалды

Фото: istockphoto.com

Швецияда король гвардиясының сарбазы абайсызда құлап қалып, басына үшкір темір кіріп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Стокгольм сарайында корольдік гвардияның сарбазы мұз үстінде тайып құлап, абайсызда басына үшкір темір кіріп кетті. Оқиғар таңертең сарай ауласында болды.

Сарбаз тез арада Стокгольмдегі Каролинска ауруханасына жеткізіліп, оған бірнеше сағаттық күрделі ота жасалды. Дәрігерлер сарбаздың жағдайы тұрақталғанын хабарлады.

«Бұл оқыс жағдай болды. Ол тайып кетіп, ыңғайсыз жағдайда құлап түсті. Темір басына құлағының артынан кіріп кеткен. Жолдастары жылдам әрекет етіп, бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деді Швеция армиясының өкілі Бьорн Линдау.

Корольдік гвардияның сарбаздары үшкір темір жабдықталған автоматтармен жүреді. Жантүршігерлік оқиғаға қарамастан, сарай алдындағы сақшыны ауыстыру жоспарланғандай 12:15-те жүргізілді.

Полиция оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиғаға жатқызуға болатынын анықтау үшін тергеуді бастады.