Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман болады деп болжам жасады. Сол сияқты тағы бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұман БҚО, СҚО, ШҚО, Қызылорда, Ақмола, Абай, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстарында болуы мүмкін.
Бұдан басқа, Өскемен мен Семей бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланады.