Қазақта алдағы жеті күнді қалай атайтынын білесіз бе (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Блогер қазақтың байырғы атауларын өтіп бара жатқан жұрттан сұрайды

Фото: istockphoto.com

Блогер Асқар Әмірбектің қазақтың алдағы жеті күнді қалай атағаны туралы видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода блогер қазақтың байырғы атауларын өтіп бара жатқан жұрттан сұрайды. Алайда бұл сауалға жарытып ешкім жауап бере алмайды.

«Қазақта алдағы жеті күн атаулары: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына», - деп тізбектеп шықты Асқар Әмірбек.