Астанада әйелімен ренжісіп қалған ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып алды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол осы әрекеті үшін қазір қамауға алынды

Фото: Видеодан скриншот

Желіде Астанада көпқабатты үйдің ең жоғарғы қабатына шығып, аяғын төмен қарай салбыратып отырған ер адамның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға қатысты Астана Полиция департаменті түсіндірме жасады.

«Осы факт бойынша қаланың 36 жастағы тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Сот шешімі бойынша ер адам бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам әйелімен ренжісіп қалғаннан кейін көпқабатты үйдің шатырына шығып алған.