Полиция арнайы тінту жүргізді
Қызылорда облысында кәсіпорыннан мұнай ұрлауды кәсібіне айналдырған бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, қылмыстық іске кәсіпорын қызметкерлері мен күзетшілері жұмылдырылған. 20-дан астам тінту шаралары жүргізіліп, 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді.
«Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады. Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжатсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.