Ол 2023 жылдың қыркүйегінен бері халықаралық іздеуде болған
Қазақстанда көлік техникаларын арзан бағада жеткізіп беремін деген күдікті Сербияда қолға түсіп, Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен күдікті қолға түскен. Ол 2023 жылдың қыркүйек айында үлкен көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған.
Бүгін 45 жастағы күдікті Қазақстанға экстрадицияланды.
Мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы ол Kolesa.kz сайтында қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, Қазақстан азаматын алдап соққан. Күдікті оның 43 млн теңгеден астам ақшасын алып, хабарсыз кеткен.