Шымкент қаласында полицейлер жол ережесін мүлдем бұзбайтынарды анықтады
Жолда тәртіп сақтап, ешқашан ереже бұзбағандарға Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының атынан Алғыс хат берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марапатталғандың арасында 57 жасар Шахадат Саитова да бар. Ол көлік рөліне отырған 20 жыл ішінде бір рет ереже бұзып, айыппұл алып көрмепті.
«Ұлым балабақшаға барып жүргенде көлік рөліне отырғанмын. Қазір оның жасы 23-те. Ешқашан ереже бұзбаңдар», – деді ол.