Боранға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды

Автор: Мақсат Әсел

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады

Фото: istockphoto.com

Бүгін түнгі сағат 00.00-де ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі, жел) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

 Ақмола облысында:

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған»  автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін);

«Жақсы-Есіл-Бұзылық»  автожолының 71-82 шақырым аралығында (Ақсай ауылынан  Бұзылық ауылына дейін) ;

«Жезқазған-Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығында (Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін);

Қостанай облысында: 

 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырым аралығында (Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

  «Екатеринбург-Алматы» автожолының 686-729 шақырымы(Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);

Солтүстік Қазақстан облысында:

«Екатеринбург-Алматы» автожолының 729-768 шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) жолдар жабық.

 

Жолдарды 2025 жылғы 9 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.