«Өзін ұстай алмай қалды»: Қайрат Нұртаспен билеген бойжеткен сынға қалды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Олардың видеосы желіде жарияланды

Фото: Видеодан скриншот

Әнші Қайрат Нұртастың кештердің біріне қатысып, бойжеткенмен билеген биінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған видеода Қайрат Нұртастың «Қазақша Ламбада» әнін орындап жатқанын, оның жанында қыз баланың әншіге тым қатты жақындап ән айтып жатқанын көруге болады.

Бойжеткеннің бұл биі желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады.

«Өзін ұстай алмай қалады», «Жардай болып еш ұялмайды екен», «Қайратқа да нәпсісін жеңу оңай емес», «Масқара, ересек қатындар дым ұяты жоқ», «Неге тар көйлек киіп алған. Намыссыз өз-өзін ұстамай ма», «Сабыр берсін Жұлдызға», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова жұртты ойға қалдыратын астарлы жазба жариялаған болатын.