Әнші Алтынай Жорабаева екінші күйеуіне жүкті екенін қалай көрсетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол екі жыл бұрынғы видеосын жариялады

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Әнші Алтынай Жорабаева екінші күйеуіне жүкті екенін қалай көрсеткені жайлы видео жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің айтуынша бұл видео екі жыл бұрын түсірілген. Ал Әмина есімді сәбиі қазір 1 жасқа толды.

«Бөлісетін сәт келді. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек Аллаға ғана тән. Аллама сансыз шүкірлер. Зымыраған уақыт-ай. Осыдан 2 жыл бұрын, көптен күтіп жүрген жаңалығымызбен, жақындарымызбен бөлісіп шыққан едік. Видеоға түспей қалғаны да бар. Міне, бүгін сіздермен бөліскім келді.

Алланың қалауымен, Амина Алишерқызы бүгін 1 жасқа толды. Амина қызымыз, қаншама жанның дұғасымен, махаббатпен келген балапан.

Сәби күтіп, дұға жасап жүрген жандарға жұғысты болсыншы. Дұға-тілектеріңізге мың алғыс. Өздеріңізге еселеп қайтсын», - деп жазды Алтынай Жорабаева.