08.01.2025, 10:30
Жаңалықтар
Қазақстанда 13 облыстың тасжолын қалың қар басып қалады: жүргізушілерге ескерту жасалды
Қай өңірлерде қалың қар жауатыны белгілі болды
Фото: istockphoto.com
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ мәліметінше, 6 қаңтарда еліміздің 13 облысында ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
8 қаңтарда Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу облыстарының кей жерлерінде қар жауады деп күтіліп отыр.
«Осыған байланысты жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін сақтап, жолдардағы ауа райының нашарлауын ескеруді сұраймыз», - деп ескертті ұлттық компания.
Қазақстандықтар тәуліктің кез келген уақытында 1403 байланыс орталығына хабарласып, жолдардың жағдайы туралы ақпарат ала алады.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 11:02
Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды