Қазақстанда 36 заңсыз криптобиржа жойылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Олардың заңсыз айналымы 60 миллиард теңгені құраған 

Фото: © freepik.com

Қазақстанда жыл ішінде жалпы айналымы 60 миллиард теңгені құраған 36 заңсыз криптобиржа қызметі тоқтатылды. 4,8 миллион доллар (шамамен 2,5 миллиард теңге) көлемінде активтер бұғатталып, тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлескен жұмыс нәтижесінде 3,5 мыңнан астам заңсыз онлайн-криптобиржа бұғатталған», — Қаржы мониторингі агенттігі.

Сонымен қатар криптовалютаны инвестиция тарту құралы ретінде пайдаланған екі қаржы пирамидасы анықталды. Нәтижесінде, 545 мың доллар қайтарылып, 120 мың доллар көлемінде қаражат бұғатталды.

Агенттік халықаралық серіктестермен бірлесіп, криптовалютаның қылмыстық мақсатта пайдаланылуына қарсы күрес және криптотранзакцияларға бақылауды күшейту жұмыстарын жалғастырып жатыр.