Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ: министрлік мәлімдеме жасады

Автор: Дәулет Ботагөз

Алдағы күндері Астанаға әуе оқиғасын тергеу жөніндегі комиссия мүшелері келеді

Фото: ТЖМ

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты қара жәшіктердің деректері бойынша Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Министрлік мәліметінше, алдағы күндері Астанаға әуе оқиғасын тергеу жөніндегі комиссия мүшелері келіп, Бразилияда талданған қара жәшіктердің деректерін ұсынады.

«Комиссия мүшелері келгеннен кейін қара жәшіктердің деректерін зерделеуге дереу кіріседі», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Бразилияда AZAL әуе компаниясының Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшағының қара жәшіктері деректерін талдау жұмыстары аяқталғанын хабарлаған едік.