Микробиология және вирусология орталығының зертханасы негізгі себеп вирустық нейроинфекция екенін айтып отыр
Молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізген мамандар итбалықтардың миы мен өкпесінен вирустық аурудың белгілерін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Барлық итбалықтарда аталмыш вирус бар. Бұл – вирустық нейроинфекция. Су жануарларының миындағы вирустар қырылуына себеп болған», – дейді микробиология және вирусология орталығы зертханасының меңгерушісі Айдын Қыдырманов.
Былтыр қазан айының соңында Маңғыстау облысының аумағында Каспий теңізінің жағасынан 150 итбалықтың өлексесі табылған болатын.