Дәрігерлердің айтуынша науқастың жағдайы өте ауыр
Петропавлда көзіне пышақ кірген 3 жасар бала екі аптаға жуық уақыттан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша науқастың жағдайы өзгеріссіз қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ал анасына қатысы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді.
25 желтоқсанда қылмыстық іс денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бабына ауыстырылды.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы жан-жақты зерттеліп, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданбақ.
Естеріңізге салайық, былтыр 19 желтоқсанда облыстық көпбейінді балалар ауруханасына пышақ жарақатын алған 3 жасар бала түскен еді. Пышақ нәрестенің сол жақ көз ұясына кіріп кеткен.
Дәрігерлердің айтуынша науқастың жағдайы өте ауыр. Бас сүйегі жарылып, миына айтарлықтай зақым келген, көп қан жоғалтқан.