Осыған дейін облыс әкімі болған Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Түркістан облысының әкімі лауазымына Нұралхан Көшеров тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін облыс әкімі болған Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.