Олар ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған
Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда және автожолдардың уақытша жабылуына байланысты жолда қалған 500-ге жуық адам «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастырған пойыздармен межелі жерлеріне жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Автожолдардың жабылуына байланысты Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар және Астана – Көкшетау бағыттарында қиын жағдайға тап болған азаматтар теміржол көлігімен тасымалданды. Компания жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды қажетті орындарға жеткізу шараларын шұғыл түрде ұйымдастырды», — делінген хабарламада.
Жолаушылар мына станциялардан жөнелтілді:
Компанияның айтуынша, қолайсыз ауа райы жағдайында пойыздар ең сенімді және қауіпсіз көлік түрі саналады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды жалғастырып жатыр және азаматтарды қажетсіз жағдайда алыс сапарларға шықпауға шақырады.