Ол Instagram желісінде видео жариялады
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзіне тағылған сынға қалай жауап бергенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Instagram желісіндегі Stories бөлімінде видео жариялап, пікір қалдырды.
«Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Неше түрлі пікірлерге үндеместен іспен, эмоциямен жауап берудегі сәтім болды», - деп жазды Елдос Сметов.
Айта кетейік, дзюдошы Париж Олимпиадасынан оралғаннан кейін салтанатты кештердің бірінде әйелінің емес анасының қолынан ұстап шыққаны үшін сынға қалған болатын.