Мәйіт 2025 жылдың алғашқы күні табылды
Оралда 2025 жылдың алғашқы күні колледж студентінің мәйіті табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, 1 қаңтарда Оралда колледж студентінің мәйіті табылған. Алдын ала болжам бойынша, жас жігіт өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.