Жаркенттен Алматыға кеткен: бір ай бұрын жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол 8 желтоқсан күні Алматыға жол жүріп кеткен

Фото: istockphoto.com

Өткен жылдың желтоқсан айының басында із-түссіз жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны 31 желтоқсан күні өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәліметтерге сәйкес, Алматы облысының Қоянқұс ауылында тұратын 1969 жылы туған Ерсін Қалиасқарұлы Қалиасқаров 2024 жылдың 8 желтоқсанында Жаркент қаласынан (Жетісу облысы) Алматыға жол жүріп, хабар-ошарсыз кеткен.

Жоғалған жігіттің туыстары оны іздеуге жариялады. Өкінішке қарай, 31 желтоқсан күні жоғалған ер адам өлі күйінде табылды. Еріктілер оқиғаны егжей-тегжейлі жазған жоқ.