Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Автор: Дәулет Ботагөз

Олар қауіпсіз жерге көшірілді

Фото: depositphotos.com

Өскемен қаласында жетінші қабаттағы пәтердің балконы өртеніп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.

«Өрт көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатындағы пәтердің балконында шыққан. Жалынның жалпы аумағы 4 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына шұғыл түрде өрт сөндірушілер жетті», — деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндіру қызметі тұрғындарды құтқару үшін дереу әрекет еткен. Баспалдақ арқылы жеті тұрғын, оның ішінде екі бала қауіпсіз жерге көшірілген. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері өртті жылдам сөндіріп, жағдайды бақылауға алды.