Алматы облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Автор: Мақсат Әсел

Жолды 1 қаңтар күнгі сағат 02.00-де ашу жоспарланған

Фото: depositphotos.com

Алматы облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылғы 31 желтоқсан сағат 22:00-де республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының 25-67 шақырымында (Ақы алу пункты -Конаев қаласына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада.

Жолды 2025 жылғы 1 қантар сағат 02:00-де ашу жоспарланған.