Ерке Есмахан жазбасы арқылы жұртты ойландырып қойды
Әнші Райм мен Ерке Есмахан ұзақ уақытқа шетелге көшіп кетуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ерке Есмахан Instagram парақшасында жазған жазбасы арқылы жұртты ойландырып қойды.
«Жаңа жылға екі күн қалды. Райм желтоқсанда күнде концерт пен корпоративте жүрді. Муслим сабағы аяқталып, демалысқа шыққанынан мәз. Ислам әзірге үйдің кенжесі, еркесі. Мен екіқабат саудагер апай, жатырмын сол үйде.
Жаңа жылдық үстелдің шаруасын шешіп қойдым. Енді жәймендеп чемодан жинау керек, ұзақ уақытқа демалысқа кетеміз, бұйыртса», - деп жазды Ерке Есмахан.