Алматы-Өскемен тас жолының Жетісу облысындағы екі учаскесінде жол жабылды

Автор: Мақсат Әсел

Жолды бүгін сағат 09.00-де ашу жоспарланған

Фото: depositphotos.com

Алматы-Өскемен тас жолының Жетісу облысындағы екі учаскесінде ауа райына байланысты жол жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2024 жылғы 31 желтоқсан сағат 03:30-да Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты Алматы-Өскемен  тас жолының 480-564 шақырымындағы «Көлбай кенті - Үшарал қаласы учаскесі автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгін  сағат 04:30-да Жетісу облысында Алматы-Өскемен тас жолының  410-480 шақырымындағы Сарқант қаласы-Көлбай ауылы учаскесінде де автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2024 жылғы 31 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.