Ол құжаттарды қолдан жасау арқылы 162 миллион сум ұрлап кеткен
Шетелде іздеу жарияланған ер адам Алматыда ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметінше, Алматы қаласының халықаралық әуежайында ақшаны иемдену және жалған құжаттар дайындау жолымен ақшаны жымқырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды.
«Көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген ер адам ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Өзбекстанның құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұстады», - делінген ІІМ ұсынған ақпаратта.
Ер адам 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейін құжаттарды қолдан жасау арқылы 162 миллион сум ұрлап кеткен.