Отандық басылымда Мемлекет басшысының кең көлемді сұхбаты жарық көреді

Автор: Мақсат Әсел

Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді

Фото: akorda.kz

Отандық басылымдардың бірінде Мемлекет басшысының кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды», - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері туралы заңға қол қойды.