Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккен үш Әзербайжан азаматы әуежайға жеткізілді (ВИДЕО)

Автор: Мақсат Әсел

ТЖМ жедел жәрдемге көлікті сүйемелдеуді ұйымдастырған

Бейнеден кадр

Ақтауда Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының қолдауымен ұшақ апатында зардап шеккен Әзербайжан Республикасының үш азаматы әуежайға жеткізілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, ТЖМ көрші елдің төтеншеліктеріне қажетті көмекті қамтамасыз ете отырып, көліктік сүйемелдеуді ұйымдастырды.

«Бұл жағдай - біздің елдеріміздің арасындағы тығыз ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастың, сондай-ақ Қазақстанның әрқашан төтенше жағдайларда көмекке келуге дайындығының жарқын мысалы», - делінген хабарламада.

Қазақстан ТЖМ адамдардың қауіпсіздігі мен амандығына бағытталған өзінің маңызды жұмысын жалғастыруда.