Оқиға Сарайшық көпірінің үстінде болды
Әлеуметтік желіде Сарайшық көпіріндегі адам өлімімен аяқталған жантүршігерлік жол апатының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеодан жүргізушінің рульге ие бола алмай көпір қоршауына соғылғанын байқауға болады.
Оқиға туралы Астананың Полиция департаменті пікір білдірді.
«Toyota жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қарай М-1 көпірімен жүріп, рульге ие бола алмай, көпір қоршауына соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жолаушысы қайтыс болды, ал жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.