Есірткі күдіктінің үйінен табылды
Жамбыл облысында Байзақ ауданының тұрғыны марихуананы аса ірі көлемде сату мақсатында сақтағаны үшін қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Байзақ ауданының 51 жастағы тұрғынын аса ірі мөлшерде есірткі сақтады деген күдікпен қолға түсті.
Күдіктінің үйін тінту кезінде салмағы 15 келіден асатын марихуана табылып, тәркіленді.
«Соттың санкциясымен ҚК-тің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (аса ірі мөлшерде сату мақсатында есірткі заттарын сақтау) күдіктіге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
12.12.2024 жылы аудан прокуратурасы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін жасап, істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберді», - делінген прокуратура хабарламасында.