Екі мүсіннің бет-әлпеті өте ұсқынсыз
Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының жанында тұрған Аяз ата мен Ақшақардың бейнесі жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жаңа жылға орай салынған екі кейіпкердің мүсіні де ұсқынсыз шыққан. Қазір әлеуметтік желідегі оқырмандар мүсіндердің сапасын сынға алып жатыр.
«Қорқынышты фильмдердің персонаждары сияқты. Осындай мүсінді орнатуға ұялмай ма? Ақшақар тойдан шыққан ба? Осы мүсіндердің өзіне қыруар қаржы бөлінген болар», - деп жазды олар.
Редакция осы мәселеге қатысты Арқалық қаласының әкімдігіне ресми жауап сұрайды.