Қолға түскендер Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты
Шымкентте тәртіп сақшылары есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, Тараз қаласының 58 жастағы тұрғыны мен Жамбыл облысының 51 жастағы тұрғыны ұсталып, олардан 30 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді. Polisia.kz мәліметінше, бұл есірткі заттарын олар 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған.
Қазіргі таңда жайт бойынша тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.