Бибісара Асаубаева рапид бойынша әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол жарысты төрт жеңіспен және жеті тең ойынмен аяқтады

Фото: gov.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен рапид бойынша әлем чемпионатында үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy SPORT+-ке сілтеме жасап.

«Бибісара Асаубаева 11 турдың қорытындысы бойынша 7,5 ұпай жинап, жарысты төрт жеңіс және жеті тең ойын көрсеткішімен аяқтады. Соңғы турда ол 17-дүниежүзілік чемпион, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен тең ойнап, оның чемпиондық атақ алу мүмкіндігін жоққа шығарды», — деп жазылған материалда.

Жеңімпаздар тізімі:

  1. Хампи Конеру — 8,5 ұпай
  2. Цзюй Вэньцзюнь — 8 ұпай
  3. Екатерина Лагно — 8 ұпай

Рапид бойынша турнир 26-29 желтоқсан аралығында өтті. Енді шахмат жанкүйерлерін 30 және 31 желтоқсан күндері блиц бойынша жарыстар күтіп тұр.