Құтқарушылар жедел әрекет етіп, арнайы баспалдақ арқылы терезеден пәтерге кірді
Көкшетауда Оқжетпес көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде күтпеген жағдай болды. Екі жасар сәби анасы сыртқа шығып кеткен кезде есікті ішінен бекітіп алып, қайта аша алмай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құтқарушылар жедел әрекет етіп, арнайы баспалдақ арқылы терезеден пәтерге кірді. Олар жылап жатқан баланы тыныштандырып, есікті ішінен ашып, сәбиді анасына аман-есен тапсырды», - делінген хабарламада.
Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.