Күдікті өңірде блогер ретінде танымал
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 1 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу мәліметтері бойынша, Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіретінін айтып қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 млн теңге талап еткен, делінген ведомство хабарламасында.
Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк картасы мен журналистің қызметтік куәлігі табылды.
Күдікті өңірде блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақшаларын белсенді жүргізеді.
Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.