Роза Әлқожа сіңлісіне кроссовер сыйлады (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Автокөлікті сыйға беру сәті әншінің Instagram парақшасында жарияланды

Фото: Instagram/roza_alqozha

Әнші Роза Әлқожа туған сіңлісі Бибі-Айшаға жанұясының атынан Hyundai Santa Fe кроссоверін сыйлады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Автокөлікті сыйға беру сәті әншінің Instagram парақшасында жарияланды.

«Бибі-Айша бізбен бірге бар қызықты бөлісіп, бізден тәрбие алды. Енді, міне, көпбалалы жанұя болып отыр. Әр жанұя өсіп-өніп, ұл-қызының қуанышын тойлай берсін! Барлық сіңлі, бар бауыр махаббатқа лайықты!» - деп жазды Роза Әлқожа.