Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ апатқа ұшырады
AZAL ұшағындағы оттегі баллонының жарылуы туралы мәлімет бойынша Көлік министрлігі арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, AZAL ұшағында оттегі баллонының жарылғаны туралы ақпарат Ростов әуе компаниясының ұшу жетекшісінен сағат 10.53-те түсті.
«Ростов әуе компаниясының ұшу жетекшісі Ақтау мұнарасының ұшу басшысына жолаушылар кабинасында оттегі баллоны жарылғаны, жолаушылар есінен танып қалғаны және келген кезде реанимация жасауды сұрағаны туралы қосымша ақпарат берді. Осы ақпаратқа сүйене отырып, барлық құтқару қызметі жедел хабарланды», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, Бакуден Грозныйға бағыт алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 42 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Барлығы 38 адам қаза тапты.